Басты бет

, 20 мамыр 2012 ж.

Жаңалықтар

28.04.2012
Бас редакторлар клубының ағымдағы жұмыс жоспарына сәйкес 2012 жылғы 28 сәуірде Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Г.Әбдіхалықова ханыммен кездесу болып өтті. Бұл кездесу сонымен қатар «Жаңғырту мен жемқорлық – үйлеспес ұғымдар!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қоғамдық қозғалыстың жалпы республикалық ақпараттық-насихаттық науқанының Іс-жоспары шеңберінде ұйымдастырылып отыр. Осы Қоғамдық қозғалыстың мүшесі ретінде Бас редакторлар клубы жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру және оған төзімсіздік таныту тұрғысында тұрақты айналысып отырғанын атап өткен жөн.

Кездесу барысында министр ханым өз басшылығындағы министрліктің жұмысы жәйлі жан жақты баяндап берді. Гүлшара Наушайқызы өзіне сеніп тапсырылған министрліктің саны жағынан ғана емес, сондай-ақ бюджетпен қамтылу көлемі бойынша да ең ірі мекеме екендігін баса атап өтті. Бүгіндері Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің бюджеті бір триллион теңгеден астам соманы, яғни жалпы бюджеттің төрттен бірін құрап отыр. Бұл елімізде әлеуметтік саясатқа мемлекетіміз тарапынан зор көңіл бөлініп отырғанының, қарапайым азаматтардың қоғамдағы алатын орнының маңызды әрі барынша қадірлі екендігінің жарқын белгісі деген сөз. Министр әңгімесінің желісін аса ірі осы қаражаттың қалайша пайдаланылып жатқаны төңірегінде өрбітті.

Бүгінде жұмыс істейтіндер мен зейнеткерлердің ара салмағы қажетті «үшке – бір» болудың орнына, «бірге – бір» болып отырғанын баса айта келе, сала басшысы «Еңбекпен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жұмыссыздықты азайтуға қатысты атқарылып жатқан шаралармен кездесуге қатысушыларды кеңірек таныстырды. Сөз арасында Жаңаөзенде азаматтарды жұмысқа орналастыру жағдайына да тоқтала кетті. Еңбек миграциясы, халық шаруашылығына керекті кадрларды дайындау мен қайта дайындаудан өткізу, халыққа серпінді әлеуметтік көмектер көрсету тәрізді мәселелерді шешудің келелігіне әрі маңыздылығына мән бере отырып, зейнетақы қорлары және кәсіби зейнетақы аударымдары проблемаларын да айналып өткен жоқ.

Министр сала бойынша сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған іс-шаралар туралы да егжей-тегжейлі әңгімелеп берді. Жүзбе жүз кездесу деңгейінде сыбайластықтың нышаны орын алатынын министр ханым жоққа шығармайтынын мойындай келе, бірақ олар байқалған тұстарда мейлінше қатаң жаза қарастырылатынын ескертті. Мәселен, кез келген бірінші басшы өзінің қарамағындағы қызметкерлері үшін тікелей жауапты, сондықтан оның қызметкері сыбайлас жемқорлыққа жол берсе ол қызмет лауазымынан кетуге дейін барады. Сондай-ақ, жүзбе жүз жасалатын жұмыстардың төркінін азайту мақсатында министрлік толығымен электрондық құжат айналымға көшуге қазір бет алып отыр.

Кездесуге қатысушылар өз кезегінде әлеуметтік сауалнама нәтижесінің Г.Әбдіхалықова басқарып отырған министрлік «сыбайлас жемқорлыққа етене жақын» рейтингісі бойынша ең төменгі орында екендігін көрсеткеніне назар аударды. Министрмен әңгімелесуге қызу араласып, өздерінің ой-пікірлерімен бөліскендердің қатарында баспасөз және электронды ақпарат құралдарының басшылары Л.Таныспай, Б.Ережепов, А.Үкібаев, Ш.Сыздықова, М.Манатбек болды. Бұл кездесуге сондай-ақ вице-министрлер Біржан Нұрымбетов және Серік Ахметов қатысып, кездесуге қатысушылардың көптеген сұрақтарына толымды жауаптарын берді. Кездесуді Бас редакторлар клубының президенті Кенжеболат Жолдыбай жүргізіп отырды.

Кездесу қорытындысы бойынша мұндай жүздесулердің алдағы уақытта да өткізіліп тұруы қажеттілігі жөнінде шешім қабылданды және осыған орай арнайы Меморандум қабылдану мүмкіндігі айтылды.
27.04.2012
2012 жылғы 27 сәуірде «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті К.Жолдыбай Халықаралық Баспасөз институтына қарасты Азербайжан ұлттық комитетінің төрағасы Үміт Мирзоевпен және Халықаралық Баспасөз институтының Қазақстан бойынша миссиясының мүшесі, Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ еркін сөз торабының төрағасы Азер Хазретпен кездесу өткізді. Кездесу азербайжандық қонақтардың бастамашыл ұсынысы негізінде өтті. Кездесу барысында халықаралық деңгейде ақпарат алмасу мәселесі кеңінен талқыланды, өзара ішкі жұмыс тәжірбиелерімен пікір бөлісілді, келешекте шығармашылық байланысты ширату жөнінде келісілді. Мұның өзі бір бірлерімізді тереңірек танып білуге, әлемдік ақпараттық кеңістікте біздің мемлекеттеріміз жәйлі шынайы мәліметтердің орын алуына, сөйтіп өзіміз туралы жағымды имидж қалыптастыруға мүмкіндік тудыратынына назар аударылды. Түптеп келгенде, екіжақты байланыстардың Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге және дамытуға үлесі қомақты боларына сенімділік көрсетуде тараптардың пікірлері бір жерден шықты.
25.04.2012
«Жаңғырту мен жемқорлық - үйлеспес ұғымдар!» атты республикалық үгіт-ақпараттық кампаниясының басталуына байланысты 2012 жылғы 25-ші сәуірде «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының мәжіліс залында баспасөз-конференциясы болып өтті. Оған өткен жылғы қазан айында қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық қозғалыс» атты Меморандумға қол қойған саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Бас редакторлар клубы атынан осы қоғамдық бірлестіктің президенті Кенжеболат Жолдыбай қатысып, сөз сөйледі. 
Ол сыбайлас жемқорлық – бүгінгі күннің ең өткір мәселелерінің бірі емес бірегейі екендігін,бұл әлеуметтік дерт асқынған сайын елболашағына қауіп төндіретінін айта келе, онымен жан-жақты күрес стратегиялық мәнге ие болып отырғанына ерекше назар аударды. Және осы стратегиялық мақсатты жүзеге асыру жолында БАҚ құралдарының, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың күш біріктірулері керектігін, сондықтан да басталғалы жатқан осынау игілікті шараны толық қолдайтынын білдірді.
К.Жолдыбай Бас редакторлар клубының сыбайлас жемқорлықпен күресу жолында атқарып жатқан жұмыстарына да тоқтала кетті. Мысалы, «Нұр Отан» ХДП тапсырысы бойынша бірнеше журналистік зерттеулер жүргізілгенін, олардың қортындысы негізінде арнайы фильмдер түсіріліп, олардыңҚоғамдық комиссиясы отырысында көрсетілгенін, сондай-ақ осы партияның Қоғамдық қабылдау бөлмесіне қажетті ақпараттық көмектердің берілгенін, Клубтың шеңберінде өтетін Үкімет мүшелерімен кездесулер барысында, сыбайлас жемқорлық тақырыбы күн тәртібінен ешқашан түскен еместігі жәйлі атап өтті. Алдағы уақытта да бұл бағытта Меморандумға қол қоюшылармен, сондай-ақ басқа да мүдделі орындармен бірлесіп жұмыс істеуге, «Жаңғырту мен жемқорлық - үйлеспес ұғымдар!» республикалық үгіт-ақпараттық компаниясына арналған іс-шаралар жоспарын толық жүзеге асыруға Клуб мүшелері әзір екендігін жеткізді.
21.04.2012
Сәуір айының 20-шы жұлдызында Бас редакторлар Клубының жылдық-есептік сайлау Конференциясы өтті. Клуб жетекшілігінің кезеңдік есептік жұмысын Конференция құптады. Жетекшілік құрамының жаңадан сайлау алдында Клубтың президенті Болат Ережепов бұл қызметте екі мерзім қызмет еткендігін, ауысымшылық, Клуб қызметіне жаңа құрам керектігі мен демократияға сәйкес болуы үшін өзінің бұл жолы кандидатурасын ұсынудан бас тартты. Клубтың президент  қызметіне Кенжеболат Жолдыбайдың, Марат Байғабұлов пен Мағжан Садыханның кандидатуралары ұсынылды. Дауыстың көпшілігімен Кенжеболат Жолдыбай Бас редакторлар Клубының президенті болып тағайындалды. Кенжеболат Махмутұлы Жолдыбай 1951 ж. дүниеге келген, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде, "Казахстанская правда" газетінде, Казинформ ақпарат агентігінде әр түрлі қызметтерді атқарды.
Вице-президент болып Болат Ережепов, Бигелді Ғабдуллин, Бибігүл Жексенбай, Әбдез Иманқұлов, Шолпан Сыздықова, ревизор - Ольга Крюкова, атқарушы директор - Динара Бисембина бекітілді. Сонымен қатар, Клубқа жаңа мүшелікке Гүлнар Шакированы, "Timе.kz" журналының бас редакторы және "Астана ақшамы" газетінің бас редакторы Ерболат Кәмен қабылданды. 
Клуб Бигелді Ғабдуллиннің "Ұлы қоныс" атты кітабын әдебиет және өнер саласында ҚР Мемлекеттік сыйлыққа ұсынуға шешім қабылдады.
16.04.2012
Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Бас редакторлар клубының» кезекті отырысы өтті. Еркін кездесу жағдайында ұйымдастырылыған отырыс «Махамбет» қонақ үйінің фойесінде, облыстағы бұқаралық ақпарат құралдары жетекшілерінің басым бөлігінің қатысуымен өтті. Оған «Бас редакторлар клубы» ҚБ төрағасының орынбасары, «Жас қазақ» газетінің бас редакторы Срайыл Смайыл мен облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Гүлмира Тағаева қатысты. Оңтүстіктің редакторлары өңірдегі БАҚ арасындағы қарым-қатнас ақуалын сарапқа салды. Кәсіби кадрларды даярлау,жас журналистерді тәрбиелеу мәселесін талқылады. Қызу талқыланған жайттің бірі билікпен арадағы байланыс жағдайы болды. Сын материал жариялана салысымен билік өкілдерінің «кімнен тапсырыс болды?» деп жоқ жерден жау іздейтіні сыналды. Оңтүстіктің бас редакторлары Срайыл Смайылдың Астанадағы,еліміздегі БАҚ арасындағы ахуал туралы, «Бас редакторлар клубының» жұмысы туралы ақпаратын тыңдады. Отырыс соңында «Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бас редакторлар клубы» ҚБ заңды тұлға ретінде тіркеу керек деп тарқасты.
24.02.2012
2012 жылдың 23 ақпанында Клуб пен Қазақстандағы дипломатиялық миссия баспасөз хатшылығымен кездесу өтті. Клубтың қызметі жайлы бірілістігінің президенті Б.Т Ережепов мәлімдеді, қонақтардың сауалдарына Клубтың мүшелері К.А.Сахариянов, Н.Ж.Мұхамеджанова, Б.Н.Жексенбай жауап берді. Баспасөз хатшылары біздің елдегі дипмиссиялары қызметі жөнінде айтып берді. Тараптар ынтымақтастық пен өзара іс әрекет мәселелерін талқылады. Мысалы, елшілік өкілдері БАҚ редакцияларын аралауғы ықылас білдірді.  
анығырақ »
23.02.2012
22 ақпанда Бас редакторлар Клубы мүшелері мен «Атамекен» ҰЭП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевпен кездесу өтті. Бұл кездесу сол күні өткен ҰЭП съезінің қорытындысына арналды. Тимур Құлыбаев бизнес қауымдастықтың үкіметке қойып отырған мәселелері жөнінде, ұлттық экономикалық палата туралы айтып берді және бас редакторлардың сауалдарына жауап берді.
17.02.2012
16 ақпан 2012 жылы Клубтың ҚР ұлттық компаниялары және ведомстволарының, министрліктердің баспасөз қызметі жетекшілерімен кездесуі өтті. Клубтың президенті Б.Т.Ережепов бірлестіктің қызметі жайлы айтты, содан кейін Клубтың мүшелері Т.В.Костина, Б.К.Ғабдуллин, Е.С.Байжанов сөз сөйледі. Кездесу барысында БАҚ пен баспасөз қызметінің ынтымастық пен өзара іс-қимыл мәселелері жайлы талқылады. Мысалы, енді бастап келе жатқан жас журналистер мен баспасөз хатшыларына оқулық шығару және семинарлар мен тренингтер өткізу туралы.
16.02.2012
ҚР Бас редакторлар Клубының президенті Болат Ережепов 10-11 ақпанда Киевте өткен Грузия мен Балтық елдері, ТМД елдерінің Бас редакторлар Клубтарының Кеңесінде бірінші жиналысында қатысты. Посткеңестік кеңістік БАҚ өкілдері мемлекет және үкімет мүшелерімен кездесуін ұйымдастыруға құрылған, сонымен қатар, жыл сайынғы еуропа және азия медиа форумдарын өткізуге оргкомитет етінде құрылған.
анығырақ »
02.02.2012
«Бас редакторлар Клубы» АҚ-ның президенті Б.Т.Ережепов Қазақстан Республикасында Еуропа Одағы өкілдерінің ұйымдастыруымен ҚР Парламентіне сайлау қорытындысын талқалауға қатысты. Кездесу модераторы баспасөз және ақпарат, саясат мәселелері жөніндегі бөлім басшысы Юбер Пети болды, сонымен қатар, ЕО мемлекеттері дипломатиялық миссия өкілдері және телерадиохабар тарату Ұлттық қауымдастықтың атқарушы директоры Шолпан Жақсыбаева қатысты. Клуб президенті мемлекетте БАҚ-тың дамуы жөнінде сұрақтарға жауап берді. Мәселен, БАҚ-қа саяси партиялардың сайлау кезінде қол жетімдігі, қазіргі таңда мас-медиа қызметін дамыту үшін қандай шаралар қолдану керектігі және Тараз, Ақтөбе, Жаңаөзендегі қайғылы оқиға кезінде халықтың ақпаратқа қол жетімдігі туралы сұрақтарға жауап берді.
артқа | бастама | алдағы | 1 | 2 | келесі | соңы